Перевести, только не с интернета перевод. бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. олар мұның түрін көріп: не істеп жүрсің? – деп сұрапты. құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.