перевести текст. Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі біртегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып, дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады.

mangle56 mangle56    3   02.02.2022 18:34    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы