Перевести текст. қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан, тамаша салт-дәстүріміздің ішіне кіретін сөз өнерінің бірі – бата. бұл дәстүр шығыс халқында, соның ішінде қазақтарда кеңінен тараған. бата беру – жақсы тілек тілеп, адал ниетті білдіру. ақ бата ға рухани қуат, күш сыйлайды да, халық жақсылққа сеніп, шаттық, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. бата қандай жағдайда берілмесін кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. бата беруді дәстүрге айналдырған ата-бабамыз «жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деп кейінгі ұрпаққа ықылас білдіріп, тілек тілеуді ұмытпаған. әдетте, бата беру ауылдың үлкендерінің, қадірлі қариялардың, атақты батырлардың, ақындарының, би-шешендерінің, ақсақалдарының, жолы үлкен ң, құдайы қонақтың үлесіне тиген. бата – арабшадан аударғанда «фатеке», мағынасы алғыс айту, ақ тілек тілеу. қазақ баталары негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. батаның бірнеше түрлері - қысқасы, ұзыны болады. мұның бәрі бата берушінің ақыл-ой, парасатының деңгейіне, шешендігіне байланысты. егерде сөздері қадірлі, әрі ақ ниетпен айтылса қысқа батаның да, ұзын батаның да қасиеті, құдіреті, күші бірдей. батаның қабыл болуын тек жалғыз ғана жаратқаннан тілеген жөн.