Перевести еламан теңізге тартты. түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. мұз ояды. ау қарайды. теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. төбеде көк аспан. табан асты көк теңіз. екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. әке-шешеден ерте айырылды. әкесімен бірге туған ағасы – есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. , жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. ендігі жанашырдан – немере іні – рай. бірақ ол жас. өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр. еламан күрсінді. аяғы астында жатқан бір-екі қты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. отбасына да мазасыз. еламанды «қшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. оған бұл үйренген. кеше де қатынаған біреуден «қшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.