Переведите текст
Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп,бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.Біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп,қым-қиғашқимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді.Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:

--Әй,егеуді қалдырма,егеуді!

--Аналар барып жырта бастады...

--Мәулікейді оятыңдар,Мәулікейді!

Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай ұарап келе жатқан Олжабек қабығын бір шытып күбір етті:

--Жұмыстарында өнім жоқ.

Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Олжабек көзі көліктерде.

--Ана сиыр бұзау бере ме,енді!Обал-ай...деген ойда тұрғанда:

--О,жігітім, жол болсын,-деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.

Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп,Олжабек:

--Ассалаумәлейкүм,- дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті. Егінші де күліп жіберді.

--Е,бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым,-деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға:-Есенбісің,балам.Ал, жөніңді білдір.

Танымадық,-деді Олжабекке.

Олжабек жөнін жөнді айтпады.Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін адам еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...

--Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.

--Иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.

--Осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма?

--Колхозсыз жер бар дейсіз бе?

--Кім қалпында отыр дейсіз.

--Бәсе,ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.

--Дегенмен, «Ортақ өгізден,оңаша бұзау» жақсы да.

--Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме?Заманына қарай амалы да бар емес пе?!

и ответье на во Мәтін не жайында?
2)Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?
3)«Ортақ өгізден оңаша бұзау» дегенді қалай түсінесің?
4)Мәтін басындағы дағдарыс ненің себебінен болып жатыр?​

Позитив4ик123 Позитив4ик123    2   18.02.2020 22:18    36

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi