переведите на русский Біз бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас-
өспірімдер театрының әртісі Досқан Жол-
жақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді
біздің сынып ұйымдастырады. Бір апта бұрын
хабарландыру жаздық. Кеше оқушылар
кездесу өтетін залды безендірді.
Саша екеуіміз актер туралы слайд-фильм
дайындадық. Көрнекті әртістің өнері мен өмірі
жайлы қызықты деректер іздедік. Көркем
фильмдерден үзінділер алдық. Қызықты су-
реттер таптық
Әнел мен Анна кездесудің сценарийін
дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Ләйла апай жүргізді.
Кездесуде Досқан Жолжақсынов өзі таңдаған өнер саласы, актер
мамандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береді. Досқан Жол-
жақсынов актер ғана емес, өте шебер әнші ғой. Ол кісі домбырамен ән
салады. Кездесуден кейін әртіске еңбек сабағында жасаған сыйлығымыз-
ды ұсынамыз. Естелікке суретке түсеміз. Біздің көп тәжірибеміз жоқ, бірақ
кездесудің сәтті өтетініне сенемін.
Әне, әртістің өзі де залға кіріп келе жатыр...​

Zhekka123 Zhekka123    1   21.01.2021 13:09    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi