Переведите на мырзағалиевтар отбасында үлкен мерейтой өтті. менің жақын досым мақсаттың әкесі 49 мүшел жасқа толды. бұл кеште ағайын, тума – туыс, әкесі жұмыс жасайтын еліміздің инженерлік академиясының жетекші ғалымдары болды. әкесінің мерейтойына мақсат тілек дайындап жүрді. досымның қ, ойын жинақтай алмай жүргенін байқадым. оны да түсінуге болады, себебі мақсат үйдің үлкені болғандықтан, барлық қонақ одан бір ерекше сөз күтетіні анық. досыма мен де өзімші көмектесіп, әке туралы жақсы нақыл сөздерді айттым. мерейтой көңілді өтіп жатты. келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. сөз кезегі мақсатқа да келіп жетті. әке асқар тау деп мақсат сөзін бастағанда, барлығының назары оған ауды. әке – құдірет, әке – әлем, әке – өмір. жас едім өмірге еркін бойламаған, күні ертең не боларын бастап, осы уақытқа дейін тәрбиелеп, үйреткен сәттер есіме түседі. туа біткен салмақты мінезіңіз, қиялай шолып қарайтын қыран қабағыңыз маған ақыл мен парасаттың ұясы тәрізді. дабырап, артық сөйлеуді ұната бермейсіз, біреуді ренжітіп, біреуге қатты айтқан кезіңізді көрген жоқпыз. осының бәрі ңызға үлгі болды. жақсылық жерде қалмайды деген мақал бар. сол сияқты халыққа жасаған жақсылығыңыз жерде қалмайды. оған дәлел – бүгінгі кешке жиналған қауым. әке, мүшел жасыңыз құтты болсын. отбасымыз аман, деніңіз сау болсын және достарыңыз көп болсын. бұл тілек ешкімді бейжай қалдырмады. бәрі қол шапалақтап, риза болды. тіпті үлкендер мақсаттың осындай мағыналы тілек айтқанына таңғалып жатты. мен де досыма риза боп, іштей оны мақтаныш еттім.