Ою-өрнектерді қазақ халқы өзінің қолөнерінде көптеп қолданған. Қазақтар табиғаттың әдемілігін қолөнерде бейнелеген. Қазақ шеберлері ою-өрнектермен ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, киіз үйлерді тамаша әшекейлеген. Қазақтың ою-өрнектері өсімдік тектес, зооморфтық, космогондық және геометриялық ою өрнектер деп бөлінеді. Зооморфтық ою-өрнектерді қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, еліктің мүйіздерін бейнелегендерінен көруге болады. «Қошқармүйіз» оюы неше түрлі формада үй жиһаздарында, тұрмыстық заттарда ,сондай-ақ, қару-жарақтарда, киім-кешек, ат әбзелдерінде қолданылады. Зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.
Космогондық ою-өрнектер ғарышпен байланысты барлық нәрселерді—жұлдыздар мен айды, жарты ай мен күнді, кемпірқосақты бейнелейді.
Геометриялық өрнектерді қиық шаршылар, иректер, ұшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифогордың заңдары мен нақты заңдардың белгілі болғанын көрсетеді.
Геометриялық ою-өрнектердің элементтері төртбұрышты, қиық шаршылы болып келеді. Олар ағашты өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі кездеседі.