Ойлау дағдыларының деңгейі. Қолдану 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры өткізген ба өз мәслихатында айтылды. Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек, «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалған жұмыстардың бір бөлшегі.
Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен байланыстыру – шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.
«Қазақ күресін Олимпиадалық спорт бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз дзюдоның олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп жатырмыз. Ең алдымен біз бұл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы, қазақ күресі Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев. 1.Сенің ойыңша, қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін не істеуіміз керектігін «Төрт сөйлем» тәсілімен білдір.

1. Пікір.Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
2. Дәлел. Өз пікіріңді 1сөйлеммен дәлелде.
3. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып мысал келтір.
4. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
5. Мәтінге ат қой.
6. Асты сызылған сөйлемді перефраза түрінде жаз.
7. Асты сызылған сөздің синонимнің жаз.

Supermatematik1245 Supermatematik1245    3   10.12.2021 11:06    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi