Отырар – шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала. Тарихи жазбалар
авторларының айтуынша, ежелден бері
Отырардағы кітапхананың даңқы жер
жарған екен. Мұнда қой терісімен
қапталған қыпшақтар шежіресі, араб
дастандары, теріге жазылған кітаптар,
балық қабыршақтарымен безендірілген
үнді дастандары, мұсылмандар мен
христиандардың өсиеттері, көркем және
ғылыми кітаптар, өлеңдер жинақтары,
саяхатшылардың жазбалары, діни әрі өте
көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен
әкелінген деседі. Ғалымдардың айтуынша,
кітапхана қорында бабылдықтардың
қыштан күйдірілген тас кітаптарынан
бастап, түркі, парсы, қытай, грек,
еуропалық тілдердегі кітаптар болуы әбден
мүмкін. Ал ғұндардың өздері өз тілінде
жазбалар қалдырып, географиялық карта
сызған деседі. Бұл кітапханада ежелгі сына
жазуымен жазылған туындылар мен
папирус орама қағаздарынан бастап,
ортағасырлық Еуропа, Араб және
Қытайдың көрнекті ғалымдарының
шығармаларына дейін жинақталыпты.
Ғасырлар бойы кітаптар қоры әлемнің әр
түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен
толықтырылды. ХІІ ғасырдың аяғында
Отырар кітапханасы атақты Александрия
кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапханаға
айналды дейді көне шежірешілер. Бұхар
тарихшысы Рузбейханның мәлімдеуіне
қарағанда, Отырардың қолжазба кітаптары
Сығанаққа дейін таратылған. (149 сөз)
ответь на вопрсы
1. определите опорные слова с текста
2. опишите главную мысль текста
3. дайте название к тексту