ответьте на вопросы по тексту без спама. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
беріңіз:
ДК құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз.
Компьютердің сыртқы құрылғыларына нелер жатады?
Сыртқы құрылғылар компьютердің процессорымен қалай
жалғасады?
Адаптердің міндетті қандай?
Магистраль немесе шина дегеніміз не?
Это текст:
Дербес компьютердің құрамы
Дербес компьютер – бұл
электрондық аспаппен орындалатын,
бағдарламамен басқару ақпаратты
автоматты түрде түрлендіруге арналған
құрылғы. Оның синонимі – есептеуіш
машина, электрондық есептеуіш
машинасы (ЭВМ).
Компьютер бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және
ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың
жиынтығы. Кез келген компьютер бірнеше
құрылғылардан тұрады.
Негізгі құрылғыларға: жүйелілік блок, пернетақта,
тінтуір, процессор, жад (жедел жад), қатқыл диск,
CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы,
бейнеадаптер, монитор (дисплей) жатады.
Қосымша немесе сыртқы құрылғыларды бірнеше
топқа бөліп қарастыруға болады:
енгізу құрылғылары: мәтіналғы, дигитайзер, сандық
фотокамера, графикалық планшет;
шығару құрылғылары: басып шығарғыш, плоттер;
бір мезгілде енгізу және шығару қызметін атқаратын
құрылғылар: модем, дыбыстық бейімдегіш, желілік
бейімдегіш.
Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы
тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара
байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Әрбір сыртқы
құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар –
адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы,
монитор процессор мен дисплей контроллері, ал басып
шығарыш порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады.
Контроллер немесе адаптердің міндетті – процессордан келіп
түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын
басқаратын сигналдарға аударады.
Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель
арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп
атайды.
Объяснение:
ДК құрамына кіретін негізгі құрылығыларға жүйелілік блок, пернетақта,
тінтуір, процессор, жад (жедел жад), қатқыл диск,
CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы,
бейнеадаптер, монитор (дисплей) жатады.
Компьютердің сыртқы құрылғыларына енгізу құрылғылары, шығару құрылғылары және бір мезгілде енгізу және шығару қызметін атқаратын
құрылғылар жатады.
Сыртқы құрылғылар компьютердің процессорымен арнайы блоктар –
адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Адаптердің міндеті – процессордан келіп
түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын
басқаратын сигналдарға аудару.
Магистраль немесе шина дегеніміз процессорді қалған құрылғылармен жалғастыратын топ сымды кабель.