ответьте на вопросы: Елтаңба туралы кім айтады?
Елтаңба ол не?
Елтаңбада не бейнеленген?

Molodoy186 Molodoy186    2   27.01.2021 18:41    0

Ответы
Artyr2017 Artyr2017  27.01.2021 18:50

Мемлекеттің ресми эмблемасы болып саналатын айырым белгісі. Иесінің тарихи дәстүрін білдіретін нышандық маңыздар беріліп, айшықтар мен заттарды өзара үйлестіру арқылы көрінеді. Елтаңба туларға, мөрлерге, монетаға, архитектуралық құрылыстарға, өнер туындыларына, қолжазбаларға, кітаптарға және т.б. бейнеленеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, көгілдір түс аясындағы шаңырақ, (киіз үйдің кұмбез тәрізді жоғарғы бөлігі) түрінде бейнеленген, одан жан-жаққа аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтар (тіреуіштер) шаншылған. Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ. - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді. Шаңырақ — мемлекеттің тірегі болып саналатын — Отбасының нышаны. Ұшқыр тұлпар өз бойына Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол — мәңгілік өмір үлгісі және біздің елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әр түрлілігін бейнелеп тұрады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол көрсетіп отыратын өз жұлдызы бар. Мұндай жұлдыз мемлекетте де болуы керек.[1

Объяснение:

дұрыс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ladavasilenko ladavasilenko  27.01.2021 18:50

Объяснение:

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi