ответьте хоть на один вопрос из этого 1- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жау
1.Мінез – а ң ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады.
Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте,
біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.
2.Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары
адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайырымды, мейірімді
және сабырлылау келеді. Мәселен, мінезі жақсы адам мүлдем дауыс көтеріп
ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты
сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер
ақырын ағады, ал ақылды ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.
3.Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне
байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы
оның өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез
достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын.
4.Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі жақсы бола
бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, ашуланшақ ретінде
байқауымызға болады. Меніңше, бұл жаман қасиеттер. Сондықтан, әл-Фараби
«Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады» деген болатын.
5. Сондықтан, Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына
қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп айтқан.
1. Мінезі ашық адамдарға тән қасиет[1]
A) Дос табуда қиналады
B) Адамдармен тіл табыспайды
C) Адамдармен тез достасады
D) Өте ашуланшақ келеді
E) Мінезі тұйық келеді
2. Мәтіндегі: ««Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады» деген сөйлемдегі
асты сызылған тіркеске тән мағына[1]
A) Ішкі дүниенің дамуы
B) Ішкі әлемнің тазалығы
C) Ішкі дүниенің кеңдігі
D) Ішкі дүниенің кемелденуі
E) Ішкі дүниенің ластануы
3. 3- азатжолда берілген күрделі сөздерді анықтаңыз?
A) мінез-құлқы) қасиеттер C) адамдармен D) өмір E) тұйық
4. Деректі зат есімді табыңыз[1]
A) Сабыр B) Айна C) Сөйлейді D) Адам E) Өзен
5. Берілген сөйлемдерден көптік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз[1]
A) Жаман адамдар кекшіл келеді.
B) Үлкен өзен ақырын ағады.
C) Мінезі жақсы адам ұрыспайды.
D) Ақылды ақырын сөйлейді.
E) Ақкөңіл адам тез достасады.
2- тапсырма
«Мінез адамның тағдырын (өмірін) жасайды» дегенді жиі естиміз. Қалай ойлайсыз, расымен де, адамның сапалы (жақсы) өмір сүруі мінезге байланысты ма? Ойыңызды 2- 3 сөйлеммен жазыңыз [2
]
3- тапсырма. Мәтіннен дерексіз зат есімдерді теріп жазыңыз
Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдап, құрылымын сақтап, нақты дәлелдер келтіріп, сауатты эссе жазады.
Құрамы 70-80 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындау керек.
1 . Адамның мінезі оның ішкі дүниесін көрсетіп тұрады. Мінезі және сырт келбеті арқылы адамды танып та жатамыз. Осы пікірлерді негізге ала отырып, «Мінез – жанның айнасы» тақырыбына нақты дәлелдермен эссе жазыңыз.
2. Өз қиялыңызға ерік беріп, «Менің қиялымдағы көлік» тақырыбына сипаттау, суреттеу тәсілін қолданып, дәлелдеріңізді келтіріп, эссе жазыңыз