ОТВЕТИТЬ НА ВОПРОСЫ Аға мен іні
Ертеде Талап пен Жанат деген ағайындылар тату-тәтті көршілес өмір сүрген екен. Алайда бір күні ағасы Талап інісі Жанаттың өтінішін орындамай қалып, араларында салқындық пайда болады. Екіншіде інісі ағасына қажетті көмекті көрсетпей, өткен жолғы ренішін еске салады. Осыдан кейін екеуі қатты ренжіседі. Сөйлесу түгілі амандаспайтын халге жетеді. Күндердің күнінде Талаптың есігін жұмыс іздеп жүрген ағаш ұстасы қағады. Оны жұмысқа алуға келісіп:
- Анау тұрған шағын өзенді көрдің бе? Соның арғы бетінде інім тұрады. Сол жерге үлкен қақпа орната аласың ба? Ол өте биік болсын. Оның үйін де, түрін де көргім келмейді,- дейді Талап. Ұста:
- Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді көргіңіз келмейді?- деп сұрады. Ағасы не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре алмады. Реніші тереңдеп кеткен екен. Аз ғана ойланған ұста:
- Рұқсат етсең, таңға дейін жұмыс істейін. Ертең басқа шаруаларым бар,- деді. Қожайын келісім берді. Алайда түні бойы мазасызданып ұйықтай алмады. Оның үстіне сырттан ұста құралдарының тарс-тұрс дыбыстары естіле берді. Ақыры таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға тапсырыс берген тұсқа мойнын бұрды. Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше, өзеннің арғы бетіне өтетін көпір қойылыпты. «Сорың құрысын, мынау не сұмдық? Мына ұстаны ма? Мен оған әлгілерді көзіме көрсетпейтін қақпа салуды тапсырдым ғой,- деп ашуға булыға бергенде, таныс бейне ұшырасты. Кілт тоқтады. Анықтап қараса, көпірдің үстінде інісі Жанат тұр екен. Ол қолын бұлғап:
- Қымбатты бауырым менің, жан бауырым. Сені сондай сағындым. Сен менің ең жақынымсың ғой. Өзім бірінші қадам жасауға тәуекел ете алмай жүр едім. Алайда сен соны жасадың. Әрине, өйткені сен үлкен әрі ақылдысың ғой,- деп ағынан жарылды. Екі бауыр құшақтасып, көздеріне жас алып, мәз-мейрам болысты. Екеуі көк шалғынға отыра кетіп, өткен-кеткенді еске алып, қызықты сәттерін айтудан жалықпады. Осылайша кештің қалай батқанын білмей де қалды.
1. Мәтін кімдер туралы?
2. Ағайындылар не үшін ренжісті?
3. Талап ұстаға қандай шарт қойды?
4. Ұста қандай әрекет жасады?
5. Бауырлар қалай табысты?

2806tonia2005 2806tonia2005    1   30.12.2020 16:46    0

Ответы
historican historican  29.01.2021 16:59

1.Мәтін Талап пен Жанат туралы.

2.Ағайындылардың ренжіскен себебі,Талап інісі Жанаттың өтінішін орындамады.

3.Талап ұстаға інімнің үйінің алдына үлкен қақпа орналастыр деді.

4)Ұста қақпа орнатудың орнына,көпір орнатты.

5)Бауырлар ұста жасаған көпірдің арқасында татуласты(толығырақ өзің жазарсың)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi