ОТВЕТ Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек.Оларды білмей іздегенмен табылмас.Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең,мінездің беріктігі бұзылады

Vladimirtty Vladimirtty    3   21.04.2021 12:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi