Откешкендер жайлы ой толгау ​

Polina14041 Polina14041    1   18.05.2021 18:44    0

Ответы
Викасичек Викасичек  18.06.2021 01:07

Отан үшін от кешкендер

«Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп езіліп қызмет ет.

Бауыржан Момышұлы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді. Қазақ халқы өз тарихында қиынқыстау кезеңдерді, аласапыран заманды басынан көп кешкен. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» деген мағынадағы сөз – халықтың сол мезгілдерді суреттеп сөйлегені. Ел басына күн туғаңда, адамзат тарихында, әсіресе қазақ тарихында елеулі орын алған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы болып келеді.

Соғыс... Бұл сөз өзінің қатыгездігі мен зұлымдығымен, адамдарға деген жек көрушілігімен жасқандырады. Соғыс өрті алай-дүлей боран, құтырған құйын, бейтаныс апат секілді ес жиюға, саналы түрде ойлануға мүмкіндік бермей, кеңес халқының, оның ішінде біздің қазақ халқының басына қара түнек болып үйірілді. Бірақ алғаш күннен-ақ қазақ халқы өз Отанын қорғау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, басқыншыларға қарсы тұра білді. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер қатары жылдан жылға сиреп қалса да, фашизмге соққы берген аталарымыз болашақ ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қандарын аяған жоқ. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, қаһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аттары аңызға айналған батырларымыз – тау тұлға.

Соғыс зардабы кім-кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатқан. Сондықтан да біздің бірден бір борышымыз, міндетіміз қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызға сол батыр аталарымыздың ерліктерін білу, құрметтеу. Дүние, адамзат жаратылғалы бері қиян-кескі соғыстар да бірге жасасып келеді, қай уақытта, қай кезеңде де адамдар ту сырттарынан соғыстың суық демін сезініп келеді. Айналасын бұзып, талқандап, тіршілік атаулыны көктей солдырып, адамдарды қыршынынан қиып бітетін бұл сұрапыл күш өзімен бірге орны толмас өкініш, қайғы-қасіретін, жан күйзелісін ала келеді. Соғыс – тек бастан өткеріп қана қоятын оқиға емес, сонымен бірге ой қорытатын, байлау жасайтын нәубет. Ол тек бұзып, талқандап қана қоймайды, көп ретте халықтардың бірігуіне, адами, мәдени, рухани тұрғыда жаңаруына, жаңғыруына алып келеді. Адамдарды ортақ жауға қарсы күш біріктіруге үндейді. Майдан даласындағы ұрыстар өте ауыр болды, адамдар, табиғат, танктер бәрі-бәрі өртке оранды. Жауынгерлер бейбіт, бақытты өмір үшін, бостандық үшін, болашақ ұрпақ үшін өз өмірлерін қиды. Иә, олар ерлік жасады, қыршындарынан қиылды, бірақ сынған жоқ, берілген жоқ. Отан алдындағы азаматтық борыш қорқыныш, қауіп-қатер деген сезімдерден, тіпті өлімнен де биік тұрды.

Демек, ерлік – ердің асыл келбеті, сол үшін әрбір жауынгер саналы түрде өз өмірін құрбан етті. «Шіркін, соғыс, соғыс!.. Жанымызға өшпес жара салды – бірақ қайта ауырмайық, мәңгілік жадымызда – бірақ қайта еске алмайық!» - деген еді Виктор Астафьев. Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бері қаншама уақыт өтті. Соған қарамастан, оны ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Өйткені, соғыс құрбандарына мәңгі тағзым – бүгінде асқан адамшылықтың, батырлық пен ерліктің тарихи тағылымы болып қалыптасты. Кешегі ер етігімен су ішкен сұрапыл соғыс жылдары, онда қан кешіп, жан берген мыңдаған адамдардың аяулы ғұмыры, ересен еңбегі мен өжет күресі соны айғақтайды. Олардың кеудесіндегі намысты, оты жігерді қарау ниеттің қара дауылы өшіре алмады. Олар тұтатқан шырақ бүгінде азат елдердің алаулы тағдыры болып маздап тұр. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды облысының тұрғындары Қызыл Армия қатарында барлық майдандардағы ұрыстарға қатысты. Әскерге 60 мыңға жуық қарағандылықтар шақырылды. Облыста 72-ші Красноград, 387ші Перекоп және 310-шы Новгород атқыштар дивизиялары жасақталды. Майданға аттанғандардың әрбір төртінші адамы еліне оралмады. Қарағандылықтардың 33-і Кеңестер Одағының Батыры атағын алса, ал жеті адам Даңқ орденінің толық иегері болды.

Объяснение:

❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi