Отбасы – сыйластық орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. 3-4. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Аз (антоним) -

[1]

Бірінші (синоним) -

[1]

Сұраққа толық жауап жазыңыз.

«Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті» деген пікірді айтқан кім?

[1]

Жазылым. Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

Қала өмірінің ерекшелігі туралы жазыңыз.

Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

Тауға барғандағы оқиға туралы шағын әңгіме жазыңыз. [10]

Pikaduwert Pikaduwert    3   29.10.2020 07:18    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi