Осыншама алып құрылысты дәлме-дәл өлшеп салуға нендей сызықтар мен өлшемдерді қолданғанын білгісі келді. Бас зергерге сауал қойды. — Қыпшақ өлшемдері туралы кітап жазып жүрмін, — деп бастады сөзін зергер. — Қай ұлттың болмасын, өзіндік өлшем заңы бар. Қыпшақ өлшемдері де ешкімнен кем қалыспайды. Бас зергер өлшем заңдары туралы көп айтты. Бұдан Иланшы Қадырханның ұққаны: әлгі өлшемдер кездейсоқ келтіріле салмайды, ел мен елдің, салт пен дәстүрдің арақатынасынан шыққан. ... Арыстан баба кесенесін әлі тамашалап жүрген. Оң қабырғадағы жарма қақпадан өтіп, кіші бөлмеге енді. Төрт қабырға да жарылған қызғалдақ қауызындай тепе-тең, жұмыр қабырғадан тұрады екен. Ескерткіштің тағы бір ерекшелігі — күмбез астына бірде-бір тұғыр не тіреу қойылмаған. Бас зергердің құрылыс есебіне жетік жан екеніне енді көз жеткізді. ...Иланшы Қадырхан мен зергер зәулім ескерткішті көп аралады ... Составьте 1 толстый и 2 тонких вопросы по тексту.