Осы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. 1-тапсырма. Еліктеуіш: Ошақ басындағы қазанның қақпағы даң-дүң етін жерге домалай түсті. Алыстан атылған мылтықтың дауысы тарс етті.Жаңа туылған лақ маңқ етіп, енесінің бауырына кіре берді. Көршімнің итінің анда-санда арс етіп үретіні бар. Ілгеріде тарс-тарс еткен дауыс естіледі. Карға басқан адымның кұлаққа сықыр-сықыр естілері анық. - Бейнелеуіш: Қараңғы бөлменің іші сәлден соң жарқ етті. Аспанда жұлдыздар жылтың- жылтың етіп, көздің жауын алады. Күлпаштың оты лап етіп жана бастады. Әлдекімге ашулы Жантас мектепке бұлқан-талқан кіріп келді де,орнына жайғасты. Күні бойы жұмыста болған Ермек мас адамша сылқ етіп төсегіне кұлай кетті.