Орыс әдебиетінің ұлы ақыны
А.С.Пушкин туралы не білеміз?​

Vrentor Vrentor    2   14.05.2021 13:43    2

Ответы
osadtsamax osadtsamax  14.05.2021 13:50

Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классик. әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі - барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз енерін қалыгггастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оныңөміріне, әдет- ғүрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Ұлы Ресейдің барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі - «Евгений Онегин» шын мағынасында халықтық шығарма.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi