Орындау уақыты: 20 минут 1-тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүниежүзіндегі жеңіл автокөліктер жылына 1 триллион литрдей жанармай
жағады. Қазіргі таңда шамамен 806 миллион көлік құралы бар екен. Көліктің саны
да, ауаға шығарылатын зиянды газдың көлемі де қарқынды өсіп келеді. Ал оларға
қажетті табиғІІ отынның қоры азайып бара жатыр.
Жердегі қуат көздері тиімді пайдалануға шындап кіріскен болсақ, әуелі
адамзат үшін аса маңызды көлік мәселесін тиімді шешу керек. Ал оның қандай
жолдары бар? Көлікте пайдаланылатын биоотынның екі түрі бар: биодизель және
этанол. Биодизельмен жүретін көліктер дизельді отын мен өсімдік майының
қо жүреді. Этанолды көлiк қант құрағы, жүгері немесе арпа сияқты
дақылдардан жасалатын отынмен жүреді. Биоотын да парниктік газдар шығарады,
бірақ оның мөлшері табиғII отынға қарағанда аз.
Электр көліктер тек электр энергиясымен қозғалады. Олардың үнемі
зарядталатын үлкен аккумуляторлары бар. Олар атмосфераны ластамайды, бірақ
қуаты біткен аккумулятор он сағатқа дейін күш жинайды және оларды электрмен
қамтамасыз ету парниктік газдар шығаратын электр станциялары арқылы ғана
жүзеге асады.
Сутегімен жүретін көліктер ең тиімді эко-көлік технологиясына жатады.
Сутегімен жүретін көлік шығаратын жалғыз ғана қалдық – су, сондықтан да бұл ең
таза экокөлік технологиясы деп танылған. Бірақ, мұндай көліктер жасау өте
қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Табиғи отынға қарағанда биоотынның ерекшелігі неде?
2. Қуаты азайған аккумуляторлар қайтадан қалай қуаттандырылады?
3. Көліктердің қай түрі зиянсыз?
4. Сумен жүретін көліктерді шығаруда қандай мәселелер бар?