Орында 1.Мәтінді тыңда. Қажетті сөздерді пайдаланып, мәтінді толықтыр.
Жеңіл самолеттер бытырата тастап, кейін бұрылды. Түсіп келе жатқан бомбалар тамып келе жатқан сезіледі. Жеңіл бомбалар онсыз да ойылып қалған анда-санда бір бұрқ еткізіп өтті. Мыналар барып орнына қонған соң ауыр келеді. Оған дейін тағы біраз өткізіп алу керек. Бүгін жау өте бомбалауға тиісті. Жоғары ататын ауыр пулеметтер орнап қалғанын жау төмендей алмайды.
(Ғабит Мүсірепов. «Қазақ солдаты» шығармасынан)
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: жер бетін, жоғарыдан, бомбасын, самолеттер, жұртты, қан тамшысындай, білген.
2. І жақта берілген сөйлемдерді ІІІ жаққа айналдырып жаз
Үлгі: Мен досым Шегенді соғыста кездестірдім. – Ол досы Шегенді соғыста кездестірді
І жақтағы сөйлем
Мен ұшақтан парашютпен секірдім.
Мен «Отан үшін!» деп шабуылға ұмтылдым.
Мен гранатаны танкке дәлдеп лақтырдым.
Мен майордың бұйрығын орындадым.
ІІІ жақтағы сөйлем
ұшақтан парашютпен .
«Отан үшін!» деп шабуылға .
гранатаны танкке дәлдеп .
майордың бұйрығын .