Орманға барғым келеді Мәтінді тыңда, сұраққа жауап бер. Алан мен Дана күн тәртібін жоспарлап үйренген. Дана демалыста орманға барғысы келеді. Бұл туралы отбасы мүшелерімен ақылдасқан жоқ. Алан: – Дана, демалыстағы жоспарың қандай? Дана: – Кеше Айдана ата-анасымен орманға баратынын айтып еді. Менің де орман жаққа барғым келеді. Алан: – Онда үйдегілермен ақылдасайық. Орманда серуендеген жақсы. Таза ауамен тыныстап, жасыл желекті тамашалаймыз. Демалыс күндері Алан мен Дана ата-аналарымен орман жаққа баруды шешті. Барлығы орманда серуендеп жүргенде, атасы қурап қалған ағаш пен ластанған бұлақты көрді. Атасы: «Мына ағаш қуарып, бұлақ ластанған екен», – деп терең күрсінді. Мұны байқап қалған Дана: «Ата, бұл ағаштың қуару себебі не? Бұлақ неге ластанған?» – деп сұрады. Атасы: «Ағаштың қурауы, бұлақтың ластануы түтіннің салдарынан ғой. Қоршаған ортаны сақтап қалу үшін түтіннің шығуын азайту қажет. Эко-белсенділер дабыл қағуы керек», – деді. «Ата, табиғаттағы байлықты сақтап қалу үшін болашақта мен экология маманы боламын», – деп Дана атасының көңілін көтеріп тастады. Демалыста отбасы мүшелері қайда баруды жоспарлады? Табиғаттың ластануына себеп болатын не нәрсе?

Julai1234 Julai1234    2   17.03.2022 01:58    0

Ответы
аня2940 аня2940  19.03.2022 12:50

ең соңғы еріншектік (жалқаулық)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi