Оразов ппұғыл қайтуға бұйырды . Рульге Кибер отырды . Оның құлағына солқылдап үдей согып тұрған жүректің дыбысы естілді . Оның жаратылысында қорку деген сезім жоқ - ты . Бірақ адамзатқа төнетін хаушi түсінетін тетігі бар . Сол тетіктің қызыл ламптасы жалт жұлт жанып есін шығарды , Кибер атомобильдің жүрісін жылдамдатып кемеге ұмтылды ... Жып - жылы тәтті ұйқы құшағында жатып Туранов өзін - өзі біреудің қатты тартқылап оятып жатқанын сезінді . Қаншалыкты күштеніп қозғалғысы келсе де , жалғыз бақайына шамасы келмей жатыр . Қаны ұйып , жүрегі тоқтап қалған сияқты . Біреу әлуетті қолымен иығынан сілкілеп - сілкілеп жіберді . Туранов тістеніп көзін ашты , Күңгірт тұманнан басқа ештеңе көрінбейді . Әлдекайдан тұңғиық шыныраудан әлдекімнің айқайлаған дауыстары талып естіледі . Бірте - бірте оның денесіне қан жүгіріп , көзі көре бастады . Оразов пен Мәриям иығынан укол салып жатыр екен , Сендер планетаның орбитасын , оның тәулік , айлык мерзімін есептеліндер ме , деді ол . Оразов электрондық есептегіш машинадан перфолентаны суырып алып , Турановтың колына ұстатты . Ол креслода шалкалап жатып , тез көз жүгіртіп өтті . Біз екі сағаттың ішінде бұл планетаны тастап шығуымыз керек . Әйтпесе жаңағы Мәриям екеумізді ұйықтаткан ыстык деп акырындап осында да жетеді . Қалғанын планетадан құтылғаннан кейін айтамын . Экипаж мүшелері әрқайсысы өзінің міндетін аткаруға кірісті . Ешкандай бұйрықтың кажеті болмады . Әпсәтте « Байконыр - 12 » канатын комданып , гүрілдей бастады . Кеме соплосынан ұшкындап шыккан жалын планетаның үстін күйдіріп қоңырсыған иіс шығарды . Кенет аяк асты тенселіп , жер сілкінгендей болды . « Байқоңыр - 12 » тік көтеріліп тартып кетті ...​

Marina12971 Marina12971    2   27.01.2021 17:07    0

Ответы
bubininaaas5 bubininaaas5  27.01.2021 17:10

К сожалению не понимаю, так бы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi