Қорқыт атаның «Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар» деп шешім қабылдауының себебі неде? Пікіріңізді білдіріп, қорытынды ой жазыңыз.
[5]
7. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды оқып, автордың ойын анықтаңыз. Автор туралы пікіріңізді білдіріңіз. [5]
Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте...
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге...
8. Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шөлең бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиып,
Өз алдына ел қылсам!..
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам,
Құлым бір ұлдай киінсе,
Көркемін көрген сүйінсе...
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе!..
Төскейде кеңес топтанып,
Жақсылар үйде баптанып,
Нокерлер жүрсе сап түзеп,
Қос-қосымен шаттанып,– деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз. [5]