Опредилить стиль и жанр. «халықаралық бағдаршам күні» 1914 жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады. бұл күні американың кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын.
алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық джей найт есімді азамат xix ғасырда ойлап тапты. ол тек екі түсті шамнан тұрды. ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған. бұл құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған.
1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет нью-йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, америка және еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған.

Xsenia274 Xsenia274    3   20.10.2019 11:40    65

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi