| | ONLINE
MCKTCP,
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл
қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» -
деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде
қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы.
Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол
ауылдан басталады. Халық мақтанышына
айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол
ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді
көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға
тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел
болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі –
бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың
этникалық, экономикалық және рухани
маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда
салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,
ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып
келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл
адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда
таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан
кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады.
Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық
жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл
болып келеді.
А)Ауыл-қазақ халқының алтын бесігі.
D) Ауыл өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.
C) Қалада таза ауа , далада тып-тыныш болады
B) Ауылда салт-дәстүр сақталмаған.​

Sarzhanovaperuza Sarzhanovaperuza    3   30.10.2020 08:44    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi