Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер
туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін
қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма
жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек,
жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі –
кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау.
Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно
тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған
жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.

1)Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
2)Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.

54876 54876    2   04.05.2021 07:56    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi