Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз мал соңында жүретін. Айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй, әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы айғайлап шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек- біздің үйге келіп кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының абзал анасы сықылданатын.

1 - тапсырма.

Мәтінді оқып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, мәтін аясында 5 жай сөйлем құрап айт.

1. өстім апамның тәрбиесінде . (Апамның тәрбиесінде өстім.)

2. мен ер жеттім құлындай еріп апама .

3. тері апам илейтін .

4. көп отыратын . тігіп апам

5. түтіп , жүн арқан ескен апам

6. иіріп апам жіп алаша , тоқитын .

7. апамның де келісі астауы үлкен мен әкемнен .​

осоащумоо осоащумоо    1   24.04.2020 06:07    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi