Ол айқас кезінде хан қолынан қаза тапқан жау патшасының қызы еді. Арудың сұлулығы қаншалықты ғажайып болса, оның жүрегін кермеген өшпенділік сезімі соншалықты қорқынышты болды, ал оның ойы мен арманында зұлым кек жоспары өрбіді. Аруды хан алдына алып келгенде, ол жуас және сыпайы боп көрінді, көзін төмен түсіріп, күлімсіреп, оған ғашық екендігін білдірді. Хан оған ессіз ғашық болды. Махаббат уының күштілігі соншалық - хан бір күннен кейін-ақ, өзі бар ынт-жігерін салып билеп келген халқының дәстүріна қарс келіп, аруд екінші әйел қылып алуға бел буды.Көп ұзамай, жас кекшіл аруға бұл да аз көрінді. Ханға ұлының қаншалықты қымбат екендігін түсінген ол бозбаланың басын айналдыруды шешті.Сол ғашықтық отына еліккен жігіт сәби күнінен оның бойында парасаттылықты, отанға, туған жерге деген шексіз махаббат пен адалдықты тәрбиелеген әкесі мен анасының берген барлық өсиеттерін ұмытты. Ол тек өзін кернеген махаббат сезімімен әлек болды.

Жетекші сұрақ: Арудың түпкі ойы қандай?​

dianavoronina4545 dianavoronina4545    1   08.09.2020 16:26    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi