ОКЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі етістіктерді шақтар бойынша топ-
тапказ.
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүниежүзіндегі ға-
ламторға қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті.
Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны осы аралықта
750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 мил-
лиардқа тең. Жер жүзі халқының басым бөлігі бір ғана ұрпақ ғұмы-
рының аясында ешқандай ақпаратқа қолы жетпей отырған жағдайдан
адамзат тарихында жасалған барлық ақпарат пен мәлімет қорын еркін
аша алатын жағдайға ие болды. Ол ақпаратқа жол ашатын құралдар бір
қолдың алақанына сыятыны кімді болсын таңғалдырмай қоймайды.
Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жыл-
дың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың ғаламтормен толықтай
қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық
аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, ғаламтор шалғай
ауылдар мен елді мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қо-
лына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке
адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді әрі өнімді жұмыс
істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шек-
сіз кеңейтуге жол ашады. Технологиялар мен олардың негізінде пайда
болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүм-
кіндіктері де кеңейе береді. Яғни әркім өзінің «онлайн профайлының»
таза әрі тартымды болуын ойлауы қажет. Абайсызда айтылған сөз не-
месе пікір, жазылған комменттер, салынған суреттер мен бейнефайл-​

сабина419 сабина419    3   01.02.2021 14:58    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi