Оку тапсырмасы: Балкаш көлі туралы ертегі

Ерте-ерте ертеде Балкаш көлі жағасында карама-карсы қалалар болды. Керемет калалардын бірі – "Бал" деп аталды, екіншісінің атауы – Қаш еді. Екі кала тұрғындары да дәстүрлі коленермен айналысты. Сүңгуі халық көлдегі бакалшықтардан інжу, меруерт алып, жағаға шығатын еді. Күндердін күнінде құрлықта тұз таусылып калды, тұз жетіспеушілігінен карапайым халык жапа шекті. Сонда Қаш қаласының жұрты көл суынан тұз сүзіп алатын арнайы елек ойлап тапты. Күні-түні тұз сүзумен айналысып, інжу тастар теруге уақыт та қалмады. Қала көркейіп, байыды. Бірақ, бір қиыны, көлдегі тұз тез таусылып, су тұщы болып калды. Қаш қаласының тұрғындары Бал қаласы одан да бай, көрікті қалаға айналғанын байқады. Оның құпиясы мынада: меруерт тасын алатын кабыршактар тек тұзды суда болады, Қаш қаласы жағындағы су тұщы болып кеткендіктен бағалы тастар көлдің келесі жағына жылжып кеткен екен. Бал қаласының халкы Қаш тұрғындары немен айналысып жүргенін білді де, тұз таусылып калар деп қорықты, тұз таусылса інжу тастар да болмайды. Сол себепті олар көрші қаламен келісіп, көлді екіге бөліп алды. Уақыт өте келе көлдің Қаш каласына тиесілі белігі мүлдем тұщы болып калды, тұз таусылды. Адамдар бұл каладан үдере көшті. Көпшілігі Бал каласына коныс аударды. Ол жакта суды елеп-екшеуге, тұз алуға болмайды. Көшіп барған халык та меруерт іздеуге мәжбүр болды. Бал үлкен кала еді, Қаш қаласының тұрғындары да келіп коныстанғасын, одан сайын үлкейе түсті. Қаладағы барлык адам меруерт, інжу жинаумен айналысты. Тұрғындары көшіп, тастап кеткен Қаш қаласы қазір жоқ. Қамалдары кирап, жел ұшырып кетті. Ал Балқаш көлі сол қалпы жартысы ащы, жартысы тұщы болып калды.

тапсырма:

1.Ертегінің сюжеттік желісі бойынша карапайым жоспар кұрыныз.

2. Мәтін бойынша үш сұрақ құрастыр.

3. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем кұра.

Ешкім, ешкашан, ешқайда

DanIEL982 DanIEL982    1   20.01.2021 12:10    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi