ОЧЕНЬ НУЖНО! 1.Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой
2.Мүсәпір қандай мағына білдіреді.
3. «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген сөйлем не мағына береді?
4.Мәтіннен мақал – мәтелдерді тауып, мағынасын жаз.
5. Жолға шыққан жолаушыға қандай бата айтылған.
6. Қарамен жазылған сөздерді аударып жаз.

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

ПЕДРО12 ПЕДРО12    3   28.10.2020 14:34    0

Ответы
tel9057969295p0bj7i tel9057969295p0bj7i  27.11.2020 14:35

1)Мәтін жолаушылар туралы.Мәтінге ат:Жолаушылар

2)Мүсәпір араб тілінде жолаушы деген мағынаны білдіреді.

3)Қырықтың бірі-Қыдыр деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас,құрмет танытып,қонақ етіп күтсе,байлық пен ырыздық келеді деген мағына береді.

4)Жолаушы азығы жолда

Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады

Жалғыз жүрсең,жолмен жүр,жолдан жолдас қосылар.Жолдан жолдас қосылса,жолың болмас несі бар

5)

6)Қарамен жазылған сөз қайсысы?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
BlasterGloGang BlasterGloGang  27.11.2020 14:35

мәтін жолаушы жайында жазылған, ойы кай жерде болсын аман есее кайтып келысн дегендей

мүсәпір деген-жоқшылық зардабын көрген бейшара сорлы мағынада

кырыктын бірі кыдыр -коп кыдаратвн адамды айтады, уйынде токтамайтвн ешкашан уйле болмайтын адам

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi