очень Мақал-мәтелді оқып, сұрақтарға жауап бер.

1. Табиғат — алтын бесік. 2. Адамның табиғатсыз күні жоқ. Табиғаттың оны айтар тілі жоқ. 3. Табиғат — жер байлығы, батырлар — ел байлығы. 4. Жер — таусылмайтын қазына. 5. Табиғат аң-құсымен ажарлы.

1. Халық табиғатты неге алтын бесікке теңеген?

2. Адам табиғатсыз өмір сүре ала ма?

3. Табиғатты не себепті «жер байлығы» дейміз?

4. «Жер — таусылмайтын қазына» ма?

Master2111 Master2111    1   10.11.2020 10:19    42

Ответы
bratunivanovth9i bratunivanovth9i  10.12.2020 10:26

1. Табиғат бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат - бізді қоршаған дүние. Ол бізді өз бесігінде тербетіп, еркелетіп өсіретіндей, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Сондықтан алтын бесікке теңеп құрметтеген.

2. Табиғатсыз өмір жоқ. Себебі әлемдегі өмір толықтай табиғат жағдайына тәуелді десем қателеспеймін. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.

3. Табиғатты "жер байлығы" деп атау өте орынды, себебі табиғат байлығына ештеңе жетпейді. Киім, ас, оқу құралдары ғана емес, жер астындағы қазыналар да баға жетпес байлық. Және ол байлықтың барлығын пайдалану адамдар үшін тегін.

4. Жер- таусылмайтын қазына деу мен үшін дұрыс емес. Себебі, ата-бабамыз айтып кеткендей "барлық нәрсенің шегі бар". "Барлық нәрсенің сұрауы бар" деп те айтып жатады, барлық нәрсені орнымен, алып тастай берместен үнемді пайдаланғанымыз жөн. Қазіргі уақытта бізге жеткенімен болашақ ұрпақтарды да ойлауымыз керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi