ОҚЫТЫМ 6-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құр.
2008 жыл 28 қаңтар. Күн – жұма. Бүгін
біз Шелль қаласындағы зиратқа жерленген
Мария Шоқайдың басына баруды жоспар-
лаған едік. Мария Шоқайдың зираты кіре-
берісте, қақпадан онша алыс емес жерде
екен. Зиратқа кірген бойда көңілім толқып,
жүрегім дүрсілдеп сала берді. Бұл, бәлкім,
Мұстафа Шоқайдың адал жары, оның көр-
ген ауыртпалықтарын қайыспай, зор адам-
гершілікпен бірге бөліскен Марияға деген
шексіз ризашылық пен құрмет белгісі бо-
Maha СКА
ТУСИ САК
дар. Жаңбыр жауған кезде-ақ: «Әй, бүл
Мұстафа мен Марияның көз жасы немесе
сағыныш тамшылары шығар»,- деп ойлағанмын,
Мәшинеден түсіп, Мария Шоқайдың зират басына барған кезде кү-
йып тұрған жаңбыр кілт тоқтады. Кәдімгі ағып тұрған судың шүмегін
кілт бұрай салғандай. Марқұмның қабіріне гүл шоқтарын қойдық.
Мария Шоқай да қайраткер. Мұстафаның жанында жүріп, әрі
ақылшысы, әрі қамқоршысы, әрі жары болса, қайраткер болмай, кім
болады?
Марияның Шоқайтанудағы орны ерекше. Шоқайдың жеке құжат-
тарын, бүкіл мұрасын сақтап, тиісті орындарға табыстаған
осы Ма-
рия екен.
Марияның Мұстафа Шоқайдың мұрасын сақтап қалғаны – өз алдына.
Мұстафа Шоқай қайтыс болған соң, оның жаназасын шығартып, ислам
діні, яғни шариғаттың бүкіл талаптарын жүзеге асыра отырып, жерле-
гені не түрады? Мұның өзі Марияның Мұстафаға деген сүйіспеншілігі
ғана емес, оның дінін де құрметтегені. Мария Берлинде Мұстафаны жер-
леп, Парижге оралған соң, 1942 жылдың 5 ақпанында мешітке барып,
марқұм күйеуінің қырқын беріп, рухына бағыштап құран оқытты. Өзі
бақилық болғанша Мұстафаға үнемі құран бағыштап, рухын ардақ тұтты.
Біз қабірдің шаңын сүртіп, төңірегін тазалап, мәшинеге беттедік.
Көлікке отырысымен жаңбыр қайта құйды. Апыр-ай, а! Бул не болғаны
сонда? Әлде бұл біздің алыстан келіп, зиярат еткенімізді Табиғат ана да
құптап, қолдағанының айғағы ма? Кім біледі, бәлкім, солай шығар...
(Қасымхан Бегманов. «Мұстафа Шоқай жолымен» кітабынан)
берем​

Jamalove Jamalove    1   24.11.2020 12:02    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi