Оқып, жаңбырдың бір түрін сипаттап жаз. Шелектеп жауған жаңбыр, нөсер жаңбыр, қар аралас
жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші жаңбыр.​

zoology1g zoology1g    2   21.01.2021 12:07    0

Ответы
TatarskayaGreckha TatarskayaGreckha  21.01.2021 12:10

Нөсер — күшті, бірақ қысқа мерзімдік конвективтік сипаттағы жаңбыр, не қоңыржай ендіктердегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр..Басталғанда төгіп жауып, күрт тыйыла қалуы мүмкін. Өте қысқа уақытқа созылуы жеке бұлттан немесе салқын шептегі жіңішке өңірді ғана қамтитын бұлттан жаууымен байланысты. Жылы жер бетіндегі салқын ауа массасынан түсетін Нөсер жаңбыр кейде бірнеше минутта-ақ өте шығады. Жаздағы жергілікті конвекция жағдайында будақ жаңбыр бұлты кең алқапты қамтығанда немесе шептер өткенде Нөсер жаңбыр сағаттап жауады. Нөсер жауу екпіні түрліше, кейде 21,5 мм/мин-қа жеткен кездері байқалған. Нөсер жауу уақыты артқан сайын екпіні кеми береді. Нөсер жаңбыр тропиктік және экваторлық ендіктердегі жауын-шашынның негізгі түрі. Субтропиктік және қоңыржай белдеулерде де өтіп тұрады. Нөсер термині синоптикалық метеорологияда жауын-шашынның барлық түріне де (қар, қиыршық) қолданылады.

Объяснение:

надеюсь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi