ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой.
2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрден туризм мен
ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күнге созылған форум
болды. Бұл форумға «Жібек жолының» бойында орналасқан 25 ірі қаланың
Мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді, өзара ЫНТЫМақтастық пен
ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдіру туралы айтылды. Форумда
аймақтық туризмді дамытудағы кедергілер де сөз болды.
«Жібек жолы» бастамасының негізгі мақсаты – сауда, ИнвесТИЦИЯ
және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың
экономикалық интеграциЯСЫ ЖӘне аймақтық қарым-қатынасын тереңдету.
«Жібек жолы» қалаларының әкімдері бас қосқан алғашқы форум 2006
жылы Ташкентте, кейін Қытайдың Ланьчжоу қаласында өткен болатын.
Форумға «Жібек жолының» құрамына кірмейтін елдер де қатысты.
Олардың арасында Иран, Корея, Жапония, Ресей және басқа да мемлекет-
тер бар.
«Егемен Қазақстан» газеті
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. Осы
етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа
айналдырып, сөйлем құра.
Үлгі: болды — жедел өткен шақ; болады – ауыспалы келер шақ; болып
жатыр — нақ осы шақ.​

aigerim341 aigerim341    2   18.02.2020 19:55    114

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi