Оқылым
2-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Түсінгеніңді айт.
Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалады. Ол казактын пат.
өлең жуйесін мағыналық жағынан да, тур жағынан да байытты. Абайна
өлеңіне жиырмаға жуың жаңа өлшем енгізді.
Абаймен тоғыз жасымда кездестім. Ол кезде қазақ мектебіне онува
түсіп, қазақ тілін енді-енді үйрене бастаған едім. Мұғаліміміз — Күлшара
Касымова Абайдың «Қыс» деп аталатын өлеңін үйден жаттап келуге тап-
сырма берді.
Есілдің жағасындағы кішкене қазақ ауылы қарлы боранның астында
қалған. Сол жылы қыс сұмдық қатал болды. Біз бұрынғы дәрігерлік пунктін
бір бөлмесін паналап отырғанбыз. Терезені жел ұрғылайды. Кішкене
қаңылтыр пештің іші гу-гу етеді. Жетілін шамның сығырайған жарығының
астына алба-жұлба оқулығымды қойып, күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен
жатырмын.
Аң киімді, денелі, ақ сақалды,
Соңыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мен Абайдың өлеңін оқысам, анам кішкене қарындасыма әлдилеп не-
місше өлең айтады. Шешемнің айтып отырғаны - кейін білдім, Гетенің
«Даланың раушан гүлі» атты өлеңі екен. Сөйтіп, менің санама Гете мен Абай
бейнелері қатар еніпті.
составить 3 во к тексту
Тақырыбы Абаймен жүздесу