ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ -тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқы. Тақырып қой. Мәтіндегі ақпараттар- ды салыстырып, Венн диаграммасына түсір. 1.Ертеде адамдар ауыр жүкті арқалап, жаяу тасыған. Кейін келік ретінде үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат, түйені келік етіп мінсе, бірқатар Шығыс халықтары есек, бұқаларды, үндістер пілді көлік қылған. Солтүстік аймақтарда иттерді шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бірте-бірте адамдар күймені, ат арбаны ойлап тапқан. Күймемен баратын жерлеріне жет- кен. Ат-арбамен шөп, ауыр жүк тасыған.
Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Бүгінде көліктің түрі нега Оларды суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жерасты көліктері ретінде бірнеше топқа бөлуге болады. Барлық көлікте қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Ол сені түрлі апаттардан сақтайды («Ақ желкен» журналынан)
2. Қайық - көліктің ең ескі түрі. Алғашқы қайықтар ағаштан жасалып, ай- налмалы ескектің көмегімен жүретін. Ежелгі Мысырлықтар шамамен 5000 жыл бұрын өзенде, теңізде жүзу үшін алғаш рет желкенді пайдаланды.
Бүгінде кемелер сауда-саттық, құрылыс үшін, әскери мақсатта адам мен тауар, т. б. тасымалдауда пайдаланылады. Су көліктері айлақтар мен теңіз порттарын тұрақ ретінде қажеттеріне жаратады. Кемелерге арналып белгі- ленген теңіз бағыттары болады. Олар айлақтарға да белгілі кесте бойынша келеді. Қазіргі кезде зымырандай тез жүретін кеме көп. Жолаушылар мұндай кемелермен саяхаттауды ұнатады («Оқушының алғашқы энциклопедиясы» кітабынан)

AntonTimoshin AntonTimoshin    1   08.10.2021 12:30    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi