ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі деректерді пайдаланып, түйіндеме жаз. Жазушы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында туған. 1964 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1963-1966 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1966-1975 жылдары «Жазушы» ба аға редактор, белім меңгерушісі және т.б. көптеген қызметтер атқарған. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк муражайының директоры болып қызмет еткен. Дүкенбай Досжанның 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгімелері бар. «Жібек жолы», «Отырар», «Фараби», «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы», «Мұхтар жолы», «Абай айнасы», «Алыптың азабы» және т.б. кітаптары жарық көрген. Жазушының шығармалары әлемнің 20 тілінде жарияланған. 1988 жылы «Жібек жолы» романы үшін Украинаның «Днепро» ба Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған. Суреткердің есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-томына, Ұлттық энциклопедияның 3-томына, Абай энциклопедиясына енген. Дукенбай Досжан 2013 жылы 15 қыркүйекте қайтыс болған

50АлисА05 50АлисА05    1   02.02.2021 15:59    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi