Оқылым. Жазылым. 1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
1.Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетіне алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең
жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі
украин архелогтары тапқан скиф қорғанының әртүрлі әшекей заттары. Оның ішіндегі ең
құндысы – пектораль алқа. Пектораль – өте нақышты, нәзік соғылған әшекей. Ол скифтердің
ғарыштық ой жүйесін бейнелейді. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүние, өлім табиғаты,
бедерленген, ал жоғарғы жағы адамдар өмірінен сыр шертеді. Бүкіл Еуразияның байтақ даласын
күн шуақты, алтынды аң тәсілді өнерімен көмкерген сақтар кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай
өлмес мұра қалдырды. Соның бірі – әлемдегі елең еткізген, біртума ескерткіш — Есік қорғанынан
табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім
киісіне қарағанда, оның патша сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын
адамның киімі – әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихының ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда
Қазақстан жерінен жеті алтын адам табылуы әлемдік сенсация. Ол бұйымдардың жасалу
технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана емес,
көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі. Бұл мұра – ұлттық тарих пен
мәдениеттің алтын тұғыры.
Жазылым.
2-тапсырма. Мәтіндегі есімдіктерді теріп жазыңыз.
, У НАС СОР

galaktionov964 galaktionov964    1   24.11.2021 15:32    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi