Оқылым өткен Теміртау- көшбасшылар ұстаханасы. 1960 жылдың 3 шілдесі Қазақстан магниткасының туған күні деп есептеледі. Дәл осы күні №1 домна пешінің науасынан тұңғыш Қазақстандық шойын селі тасқындап, Теміртаудың жаңа тарихының беттері жазылды. Айтулы оқиғаға байланысты салтанатқа Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаев қатысып, теміртаулықтарды тамаша еңбек табысымен құттықтады. Алғашқы шойын алу вахтасына жас металлург, болашақ Елбасы Н.Ә.Назарбаев та тұрды. Ол №1 домна пешінің шойыншысы еді. 1958 жылы Днепродзержинск қаласындағы техникалық училищеде өзімен бірге барған 70 шақты қазақ жастарымен бірге Днепр металлургия зауытында тағылымдамадан өткен. Басына киіз қалпақ киіп, күлімдеп тұрған және бір топ домнашылармен түскен тарихи суреттер Н.Ә.Назарбаев Донна цехінің горновойы болып жүргенде түсірілген. Еңбек жолын қарапайым металлургтен бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Магниткасының от-жалынды цехтарында құрыштай шыңдалды, өндірістік және қайраткерлік жолдан өтті. Ол кейін ағынан жарыла: «Теміртау мен үшін алтын бесік. Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен ажыратылмас. Егер менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмаса, мен ешқашан Президент болмас едім», - деп жазды. Бүгінгі таңда Қарағанды металлургия комбинаты республикадағы толық металлургиялық айналымдағы аса ірі кәсіпорынға жатады. Кәсіпорында жаңа цехтар мен өндірістер пайдалануға беріліп, ескілері жаңғыртылып, талабына сай өзгертілуде. (175сөз ) https://firstpresident.kz/k-rme-zaldary/t-l-any-eren-abileti/ Заман

1. Мәтінде көтерілген мәселе қандай?

2.Мәтін мазмұны бойынша сіздің көзқарасыңызқандай?

3. Кестені толтырыңыз Үзіндінің қай тұсы әсер етті? Here?

4. Үзіндіні оқығаннан кейін қандай қорытындыға келугеболады?

SashaPolishuk SashaPolishuk    2   23.12.2021 07:18    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi