ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ Мәтінді Адамның сыртқы келбеті мен киім киюі оның оның ішкі дүниесінен де хабар беріп тұратыны ертеден мәлім. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның кезі, қасы, беті, дене бітімі, қылығы, киім киісі саған әрқилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол адам жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл- адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып білу қасиеті.Әйтеуір адамның сыртқы келбеті бір қарағанда не жирендіреді, тіпті, таң-тамаша қалдырады. сүйсіндіреді, не одан Адамның қадір-қасиеті мінез-құлқына қарай багаланады десек те, оның талғамы мен өмір салтын сыртқы келбеті аңғартатыны анық. Кейде адамның сыртқы келбеті оның талай-тагдырына да әсер етеді. Өйткені адамның сыртқы келбеті тартымды болмаса, ішкі жан дүниесі көбімізді қызықтыра бермейтіні белгілі. Бул өмірде адамдардың жан дүниесін танып білудің әрқайсысынң сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің манызы айрықша. Ол, әрине, өзара қарым-қатынас жасау,сыйласу барысында анықталатын жайттар. Осы жерде мына мақал-мәтелдерді айта кеткен жен. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі»,»Жаяуға жол алыс». Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға да тәуелді. Бірте-бірте мүлде бөгде өмір салты қалыптасады.Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс тұрысы, сейлесу, сәлемдесу әдебі арқылы –ақ оның қандай мінезді, ақыл парасатының, ерік-күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. «Кітапты қабына байланысты бағалама» деген сөздердің адамга қатысты да айтылатынын бәріміз білеміз. Алайда осы арада адамдардың пікірі екіге көп бөлінеді. Біреулері «сырт келбеттің ішкі әлемге еш қатысы жоқ» десе, екінші топтагылар «адамның сырт келбеті оның мінезін, ойын анықтайды» деп жатады. А өмірге келгенде өзінің түрін, келбетін өзі тандамайды. Бірақ өмір сүру барысында сырт келбетін дұрыс қалыптастырып, күтім жасауының арқасында бақыт құсын колына қондырса, келбетінің кесірінен армандарын желге ұшырып алуы да әбден мүмкін. Сондықтан сыртқы келбетке аса мән берген жен.Талғамды қашанда ақылға жүгіндіру қажет. 1-тапсырма. Мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріңіз. оқып, мазмуны бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.​

9989744524081 9989744524081    1   22.02.2021 12:09    9

Ответы

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді.  

Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.

Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді.

Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек.

Объяснение:

содан киін комек бермеймін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi