Оқылым Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып , берілген сұрақтарға жауап беріңіз .
1 - мәтін « No136 ЖББОМ » КММ 8 - сынып оқушысы К.М.Ақанованың « Жалпы адамзаттық құндылықтар - рухани дамудың қайнар көзі » мақаласына АННОТАЦИЯ Мақалада автор жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына жан - жақты түсініктеме бере отырып , оның адам бойында қалыптасуына талдау жасайды . Автор « құндылық » түсінігінің тарихына тоқталып , түрлі авторлардың көзқарастарынан мысалдар келтіреді . « Құндылық » түсінігінің педагогика саласындағы рөліне тоқталады және адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті , маңызды , қажетті , бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады . Автордың мақсаты – күрделі әрі аумалы - төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің адам өміріндегі маңызды категория екендігіне оқырманның көзін жеткізу . Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән . Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс - әрекетінің де , өмірінің мәні де болмайды . Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы . Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып , бағыты белгіленуі қажет . 2 - мәтін ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ
Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып , « инемен құдық қазыпты » . Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат қаққан жастарымыз қанша ? Санын дөп басып айту қиын . Олардың қаншасы елге оралып , жемісті еңбек етіп жүр ? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық , нендей тың серпіліс әкеліп жатыр ? Ең алдымен , « Жастарды шетелде оқыту кемерінен асып бара жатқан жоқ па ? » деген сұраққа жауап тауып алған жөн . Алысқа бармай - ақ , іргедегі 1,5 миллиард халқы бар Қытайға назар салайықшы . « Айдаһар елі » шетелге бала жіберуге айлалы көзбен қарайды . Жылына оқу мақсатында бірнеше мың адамды ғана шекара асырып , 2-6 айлық , әрі кетсе , бір жылдық білім беру курстарына аттандырады . Олардың денін мемлекеттік қызметкерлер құрайды . Бұл – бір . Екіншіден , 120 миллионнан астам халқы бар Жапония мемлекет тарапынан жылына 15 - ақ азаматты шетелде оқытуға рұқсат береді екен . Ал Қазақстанда мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32 елге аттандыруда . Бұл « шетелге бала оқытпау керек » деген ойды білдірмесе керек . Осы жағдайларды ескеріп , тек шетелде бала оқытудың санын емес , сапасын арттырып , кемерінен асып бара жатқан мәселенің тізгінін бір тартып қою керектігін аңғартады . Әрине , келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі , сол жақтан дәріс алып , елінің кемесін алға сүйреуі қажет - ақ . Мұны жоққа шығаруға болмайды .Мәселен , осы бағытта « Болашақ » бағдарламасы жастарды өзі таңдаған озық оқу орнына орналастыру , оны оқуын бітіргенше қадағалау , сосын елге қайтқан соң жұмыспен қамту сынды жұмыстарды дөңгелетіп жатқаны рас . Qazir үшін Атыраудан журналистік зерттеу жүргізген Гүлзада Ниетқалиева 1 - мəтін 2 - мәтін Тақырыбы Жанры , жанрлық ереркшеліктері неде ? Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады ? Мәтіндер қалай ресімделген ?