Оқылым Тапсырма Мәтінді оқып , мәтіннен термин сөздер , диалект сөздер , кәсіби сөздер болса теріп жазыңдар мәтін

Қаныш Сәтбаев - 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым . Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы , ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады . ХХ ғасырдың ортасына қарай минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады . Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады . Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде , Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады . Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын . Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді . Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан . Бала кезінен әртүрлі жер - су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі . Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады . Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес . Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді . Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап , қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді​

fedotkate fedotkate    3   23.12.2020 07:59    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi