Оқылым Тапсырма 1. Мәтінді оқып , құрылымдық , жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп , кестені толтырыңыз . Жаяу жүргіншіге арналған нұсқаулық 1. Жаяу жүргінші жаяу жол ( тротуар ) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс . Егер олар болмаса , жол жағалауымен немесе велосипед жолымен ( велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе ) жүру керек . 2. Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама - қарсы бағытта жүруге тиіс ; 3. Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі , аспалы көпірлер , жол таңбалары салынған немесе « жаяу жүргінші өтпесі » белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді . Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды киылыстардан жаяу жол жиегі бойымен , ал олардың аралағында — жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі ; 4. Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс ; 5. Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты , сондай - ақ олардың жылдамдығын болжап алып , жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады ; 6. Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес . Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс . Егер ондай болмаса , қарама - қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек ; 7. Автобус , троллейбус , трамвай , таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет . Егер ондай болмаса , жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн . Мәтін не туралы ? Құрылымы Қалай ресімделген ? Жанры және жанрлық ерекшелігі неде ? 2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталаған сұрақ ( 3-5 құрастырыңыз . ТТІ 1 ) 2 ) 3 ) 4 ) 5 ) Жазылым Төменде берілген суреттердің бірін негізге ала отырып , әңгіме жазыңыз . Әңгімеңіздің белгілі бір сюжетке құрылуын , қызықты эпизодтың , шағын кейіпкерлер жүйесінің болуын ескеріп , орфографиялық , пунктуациялық нормаға сай жазыңыз . Сез саны шамамен 120-150 .
жаяу жүргіншілерге арналған нұсқаудық
тротуар