Оқылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 2000 жылы Сидней олимпиадасында Тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. Алғашқы сайыста алтын медальді ұлттық құрамадағы 20 жастағы спортшы – Бекзат Саттарханов әкелді. Артынша Ермахан Ибраимов алтын медальмен , ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальмен марапатталды. 2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарында да былғары қолғап шеберлері «жеңімпаз» атанды. Бақтияр Артаев алтын медальдің иегері болды. Геннадий Головкин мен Серік Елеуов те күміс медальдармен марапатталды. 2008 жылы Пекин олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев алтын медаль, Еркебұлан Шыналиев қола медаль алды. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында Серік Сәпиев бірінші орын алып, Вэл Баркер кубогын иеленді. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз. (6 сөз) [1]