Оқылым «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. А маңдай тері мен дене қозғалыстары арқылы бойындағы тұздар мен қалдықтарды шығарып, тазартып, тәнінің сауығуына жағдай жасап, кеселдің алдын алып отырған. Қазір дене қозғалысы мен қол еңбегінің азаюы көбеюде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша адам денсаулығының тек 8 -10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен байланысты.
Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, денсаулықты жоғары дәрежеде ұстау үшін күніне 10 шақырым жол жүру керек екен. Жапондықтар сол көрсеткішті орындамаса, тыныш ұйықтай алмайтын сияқты. Қалтасындағы қадам өлшегіш тетігінің көрсеткіші белгіленген мөлшерге жетпесе, жұмыс соңында оны міндетті түрде жүгіріп орындауды әдетке айналдырған. Спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
1-2. Берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтаңыз (әр дұрыс жауапқа ).
Тұжырым шын жалған
А Адам дене қозғалыстарын жасап терлегенде тұздар мен қалдықтар шығады.
В Егер адамдар спортпен айналысса шыдамды, денсаулығы мықты болады.
С Спорт белсенділері күніне 10 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнайды.
[2]
3-5. Төменде берілген сұрақтарға мәтіннің мазмұнына қатысты жауап беріңіз.
Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
[1]
Ата-бабаларымыздың “тәні саудың – жаны сау” деген нақыл сөзін ашып жаз.
[1]
Мәтінде қай елдің адамдары спортқа белсенді екенін жазған? Пайдасы қандай?