ОҚЫЛЫМ Майкл Х.Харт «100 ұлы адам» атты кiтабынан - «Альберт Эйнштейн» атты әңгімесінен үзіндіні түсініп оқып, тапсырмаларды орында.
Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Кейін ол ғылыми кітаптарға қызығып, ақыры ғылым жолына бет бұрады. Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүрді. ...
Эйнштейннің басты еңбегі-«Салыстырмалылық теориясы». Сонымен қатар «Эйнштейн заңы» атанған фотохимия заңын анықтаған. Фотохимия заңын ашқаны және теориялық физика саласындағы зерттеу жұмыстары үшін 1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Эйнштейн фашизмге қарсы шыққан. ... Эйнштейн өмірде жаңғалақ, ұмытшақ, салдыр-салақ болған екен. ...
Эйнштейн 22 жыл еңбек еткен. Ол өзі небір жаңалықтар ашып, оны құпия сақтаған. Өлерінің алдында ешкімге көрсетпей, өртеп жіберіпті. Ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегінің жемісін неге жоқ қылып жіберді екен ? Ол-қандай жаңалық болды екен? Ғалым келер ұрпаққа неге қалдырмады екен? Бұл сұрақтың жауабын ғұлама физик өзімен бірге алып кеткен.
1-тапсырма. Сұрақтарға толық жауап бер.
1. Альберт Эйнштейннің ғылым жолына бет бұруы неден басталды?
2. Мектеп қабырғасында ол қандай оқушы болды?
3. Эйнштейн жалпы қандай адам болған?
2-тапсырма. Диаграмманы толтыр.
Эйнштейннің ғылыми жетістіктері
ЖАЗЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың біріне эссе жаз. Күрделі сөздерді қолдан. Сөз көлемі – 70-80
1. Білімді жастар – ел болашағы
2. «Өнертапқыш» деп кімдерді айтамыз?