ОҚЫЛЫМ Мәтінді түсініп оқыңыз
Ана тілі
Ана тілі - бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, басқа ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-теледидардан, кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол - біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Ана тілін жақсы білмейтін адамды шын мәніндегі мәдениетті адам деуге болмайды.
3-тапсырма
Жоғарыдағы «Ана тілі» мәтініне сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.
СКОРО ПАПА БУДЕТ ПРОВЕРЯТЬ ЕСЛИ Я НЕ СДЕЛАЮ МНЕ ХАНА
ОТВЕЧАЙТЕ НОРМАЛЬНО